Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты

14 тамыз 2023, 18:29

Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.

 

"Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

 

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz