Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақсай қаласында жол апатынан 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды

29 қыркүйек 2022, 14:19

Ақсай қаласында жол апатынан 14 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, кеше кешкісін жеңіл көлік жолаушылар таситын «ГАЗель» автокөлігімен түйісті.

 

«Жедел жәрдем сағат 18:21-де шақырылды. Жол апаты салдарынан барлығы 14 адам жарақат алды. Соның ішінде 72 жастағы әйел жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды. 64 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр, ол хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Қалған 12-сі амбулаториялық ем алуға жіберілді», - деп хабарлады ведомстводан.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, толығырақ ақпарат кейін берілетінін жеткізді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын автокөлік қағып кеткен ер адамның жағдайы өте ауыр екендігін жазған болатынбыз.