Ақтауда екі көлік соқтығысып, біреуі төңкеріліп қалды (видео)

07 қазан 2021, 10:33

Жол-көлік оқиғасы қаланың 9, 11 және 14-ші ықшамаудандары түйісетін үлкен тас жол бойында болған. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Lada Priora жеңіл көлігі қапталдан негізгі күре жолға қосылар тұста көлденең өтіп бара жатқан Toyota Land Cruiser Prado көлігіне жол бермей, екеуі соқтығысқан, деп мәлімдейді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Жол ережесін бұзған көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘК 610-бабына сәйкес хаттама толтырылды, — деп жазды өңірлік ПД баспасөз қызметі.

 

 

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.