Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

17 сәуір 2022, 11:39

Ер адам ауруханаға жеткізілді, алайда оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Видеодан ер адамның жолдан жүгіріп өтпек болғанын көруге болады.

 

Жолда тұрған көліктер жылжи бастаған кезде ер адам қарсы бетке өтпек болып тосыннан жүгіріп шықты. Джип оны өткізіп жібергенімен, оның сол жағында тұрған көлік жаяу жүргіншіні байқамай қағып кетті.

 

Қатты соққыдан ол бірнеше метрге ұшып кеткен.

 

 

Видео авторының айтуынша, ер адам ауруханаға жеткізілді.