Ақтауда қарсы жолға шыққан көлік аударылып қалды (видео)

18 қазан 2021, 19:53

Оқиға кеше сағат 4 шамасында 8 ықшамауданда болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Оқиға қатысты Instagram-дағы na_dorogah_aktau парақшасы бейнежазба жариялады.

 

"Mitsubishi Montero Sport" маркалы көліктің жүргізушісі басқаларды басып озып, солға бұрылған "Toyota Camry" көлігіне соқтығысады. Нәтижесінде жол талғамайтын көлік аударылып қалды.

 

"Mitsubishi Montero Sport" көлігінің жүргізушісіне ӘҚБтК-тің 610 бабы 1 бөліміне (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.