Ақтауда көлікпен соқтығысқан БТР жүргізушісі жауапқа тартылды

14 наурыз 2022, 19:38

11 наурызда болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіл көлік пен БТР-80 арнайы техникасының соқтығысуы шамамен сағат 17:30-да «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не қарама-қарсы жолда болған.

 

«Арнайы техниканың жүргізушісі жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай, Лада-21907 көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ», – деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

БТР-80 арнайы техникасының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оған құқықбұзушылық дәрежесіне қарай 20 немесе 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.