Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды

23 қаңтар 2023, 14:38

Ақтөбе облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.

22 қаңтар сағат 16:35 шамасында КамАЗ автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі “Молодежная” шахтасы тарапынан өндірістік технологиялық трассамен жүріп келе жатып, Хромтау қаласы бағытында рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.

 

Автокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Көлік салонында жүргізушіден басқа ешкім болған жоқ.

 

 

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалыс ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.