5 қазанда сағат, шамамен, 14:00-де Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік қатысқан жол апаты болды деп хабалайды stan.kz.
Ақтөбеден Бестамақ ауылына бет алған 29 жастағы Lada Largus көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, ГАЗ-5312 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасынан Lada автокөлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Қалған алты жолаушы Ақтөбе қаласы ауруханасына жеткізілді.