Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам ажал құшты

23 тамыз 2023, 09:08

Ақтөбеде ВАЗ–2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

22 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласы Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ–2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

 

 

Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

 

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру  басталды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz