Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам ажал құшты

02 сәуір 2022, 22:29

Оқиға бүгін болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының аумағындағы Самар-Шымкент тас жолының бойында жол апаты болды.

 

Аталған тас жолдың 765-ші шақырымы, яғни "Батыс-Жер" кемпингінің шыға берісіндеғ DAF-XS жүк көлігінің 44 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзған.

 

Ол көлікті бұратын кезде оның өзге көліктерге кедергі келтірмейтініне көз жеткізбеген. Осылайша қарсы бағытта келе жатқан көліктерге жол бермей, "Лада-21723" автокөлігімен соқтығысты.

 

 

©Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі

 

Ауыр соққыдан екі адам қаза тауып, бір жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

 

Облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеді.

 

 

©Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі