Ақтөбеде жеңіл көлік экскаватормен соқтығысты

25 қазан 2021, 23:59

Ақтөбенің Украинка ауылының маңында жол апаты болды. Апаттан ауыр жарақат алған екі адам жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Ақтөбе-Орск тас жолының, яғни Украинка ауылының тұсында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жолдың бойымен жүйткіп келе жатқан Lada-219410 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі жерге жеткенде жылдамдықты төмендетіп үлгермей қалған. Соның салдарынан машина экскаваторға соғады.

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Ауыр соққыдан жеңіл көліктегі екі жолаушы жарақат алып, Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Қазір аталған дерек негізінде іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.