Ақтөбеде жүк көлігі ер адамды қағып кетті

05 сәуір 2022, 20:15

Ақтөбеде жүк көлігі 57 жастағы адамды қағып кетті. Тұрғынның жағдайы ауыр. Оқиға қаланың ортасындағы гипермаркеттің алдында болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Mercedes Benz Actros 2541 жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі гипермаркеттің тұрағынан айналып өтпек болады. Бірақ қауіпсіздікке мән бермеген. Соның салдарынан автокөлік пен тіркеменің арасында тұрған адамды қағып кетті.

 

 

Жарақат алған адам жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

Аталған дерек негізінде ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тұрғынның жағдайы ауыр. Оң жақ сан сүйегі мен жілігі және сол жақ жіліншігі сынған. Тұрғын дәрігерлердің бақылауында.

 

Жол апатының видеосын тұрғындар түсіріп алып, әлеуметтік желіге салды.