Ақтөбеде кәмелетке толмаған жүргізуші 3 жасар баланы мерт қылды

03 тамыз 2023, 12:56

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адам өліміне әкеліп соққан жол апатын жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмағанды қағып кетті.

 

Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.

 

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz