Ақтөбеде бойжеткен тізгіндеген Toyota Camry көлігі көпірден құлап кетті. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған kaz.nur.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, көпір қатты биік болмаған, жүргізуші де аса ауыр жарақат алмаған.
Одан бөлек медициналық талдау бойжеткеннің алкогольді сусын қолданбағанын көрсеткен.
Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Ақтөбе облыстық полиция департаментінің дерегінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
"Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - дейді ПД баспасөз қызметінен.
Ал арудың айтуынша, көлік тізгіндеп келе жатқанда кенеттен өзін жайсыз сезініп, рөлге ие бола алмай қалған.