Әл-Фараби даңғылында көлік аударылып, жүргізуші қаза болды

28 сәуір 2022, 17:49

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларға қарағанда, көлік жолдан шығып кетіп, аударылып қалған. Видео танымал пабликтерде жарияланды.

 

 

Алматы полициясы мәліметінше, көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болған.

 

"Оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Nissan көлігінің жүргізушісі жолдағы көліктерге соқтығысып, салдарынан аударылып қалған. 1951 жылы туған жүргізуші оқиға орнында қаза болды. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалады, оның ішінде адам өліміне де қатысты", - деді Алматы ПД Анықтау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.