Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әл-Фараби даңғылында мопедші машинаға соғылды

03 тамыз 2022, 09:45

Полицейлер Алматыда мопедшілер мен самокатшылар қатысқан жол апаты көбейгенін айтқан еді, жақында тағы бір сондай оқиға болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

30 шілде сағат 11:50-де Саин мен Әл-Фараби даңғылы қосылған тұстағы тоннельден шыға берісте мопедші Mitsubishi RVR-ге соғылды.

 

Полиция мәліметінше «мемлекеттік нөмірі жоқ қытайлық мопедке мінген жас жігіт Саин даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатып арақашықтық сақтамағандықтан, машинаға соғылып қалған».

 

 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан мопедшінің үшінші жолақпен (ҚР ЖҚЕ бойынша мопедтің жүруіне тыйым салынған) жүргенін көруге болады.

 

Бейнежазба авторын басып озған ол жүк көлігінің қалқасынан жол шетінде тұрған машиналарды тым кеш байқаған секілді, нәтижесінде солардың біріне жоғары жылдамдықпен соғылды.

 

Мопедші ауыр жараланып, емханаға жатқызылды. Сынған мопедті қалпына келтіру мүмкін емес. Оның үстіне ол жол ережесін сақтамағаны үшін 20 АЕК айыппұл төлеуі мүмкін (ҚР Әкімшілік кодекстің 610-бабы 1-бөлігі). Егер жүргізуші куәлігі болса, одан да айырылар еді.