Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы маңында жеңіл автокөлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігіне соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Жол апаты 4 мамырда түстен кейін Талғар ауданы Панфилов ауылындағы тасжолда болған. Оқиға болған жерден куәгерлер түсіріп алған видео мессенджерде тарады. Кадрлардан оқиға болған жерге жедел жәрдем көлігі қалай келгенін көруге болады, сол жерде бір адам жатыр. Видео авторы жеңіл көлік жүргізушісі қайтыс болған деп тұжырымдаған.

 

Назар аударыңыз! Видеоны жүйке-жүйесі нашар адамдарға көруге болмайды!

 

 

Полиция мәліметі бойынша, жол апаты Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 24-ші шақырымында сағат 11.45 шамасында болған.

 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта келе жатқан. Панфилов ауылы маңында ол көлік тізгінін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Кейін HOWO маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota көлігінің 32 жастағы жолаушысы қаза тапты. Түрлі дене жарақатын алған жеңіл көлік жүргізушісі Талғар аудандық орталық ауруханасына жеткізілді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

 

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

 

 

 




Көрілген: 1823    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 17:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31