Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

10 маусым 2022, 11:36

Жол апаты салдарынан адамдар қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Құлжа тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.

 

Newscorr-ға видео жолдаған автордың айтуынша, екі адам оқиға орнында жан тапсырған. Бейнежазбадан жол бойында жатқан мәйіттерді көруге болады.

 

Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Көлік апатынан тағы қанша адам зардап шеккені әзірге белгісіз.