Алматы облысында 20 жастағы жүргізушінің көлігі қақ бөлініп, өзі жан тапсырды (видео)

09 қазан 2021, 11:53

Алматы облысында ірі жол-көлік оқиғасы болып, рөлге ие бола алмаған 20 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға 8 қазанда сағат 17:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында болған.

 

"Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 39-шақырымында Mercedes-Benz автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Сөйтіп, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Сол кезде Audi C-4 және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан

Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады полиция департаменті.

 

Mercedes көлігі ортасынан қақ бөлінген. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігі (Жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар алынды.

 

ВИДЕО:  https://aitube.kz/video?id=aef7d358-597b-4978-af02-652a30e361c1&from=embed_video