Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан жолаушы көз жұмды

01 мамыр 2022, 13:19

Алматы-Ташкент-Термез тас жолында жол апаты орын алды. Toyota Camry көлігі DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Батыс бағыттан келе жатқан Toyota Camry көлігінің 1999 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алда келе жатқан 1986 жылғы жүргізуші тізгіндеген DAF жүк көлігімен соқтығысты.

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында Toyota-ның 1998 жылғы жолаушысы жан тапсырды.