Алматы облысында жол апатынан үш адам зардап шекті

22 сәуір 2022, 14:39

Жол-көлік оқиғасы 21 сәуірде Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 26-шақырымында болды. Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

-Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Carina көлігінің 71 жастағы жүргізушісі кері бұрылмақ болып, қарсы бағытта келе жатқан Subaru көлігіне соғылған, деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Жол-көлік апаты фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.