Алматы-Өскемен тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

02 қазан 2022, 17:55

1 қазанда сағат 23:10-да Алматы облысының Іле ауданында жол апаты орын алды. Салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Camry көлігін тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші Алматы-Өскемен тас жолымен солтүстік бағытқа қарай бет алып келе жатқан. Тас жолдың 19-шы шақырымында дөңгелек кедергісін басып өткенде ол рөлге ие бола алмай, көлік аударылып қалды.

 

Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, ал оның оның жанындағы 59 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, сараптамалар тағайындалды, деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.