Алматыда 12 жастағы қыз көлік астына түсіп қалды

01 мамыр 2022, 16:53

30 сәуір күні Алматының Жандосов көшесінде оқушы қыз реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде солтүстік бағытта жолды кесіп өтіп бара жатқанда жол апаты болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

 

“Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Бұл факті бойынша Әуезов ауданы ПП тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық анықтау полиция департаментінің басшысы Олжас Шәріпов.