Алматыда автобус жеке үйлердің қоршауына кіріп кеткен (видео)

28 ақпан 2022, 17:36

Алматыда Жетісу ауданында автобус екі жеке үйдің қоршауына кіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Оқиға 28 ақпанда сағат 11 шамасында болған. Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтың айтуынша, автобусты 75-жылы туған жүргізуші басқарған. Ол Бөкейханов көшесімен келе жатып, тізгінге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, №63, 65 үйлердің қоршауын бүлдірген.

 

Жүргізуші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, осы оқиға бойынша материалдар Жетісу аудандық Полиция басқармасына берілген.