Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда автобус үш жаяу жүргіншіні қағып кетті

31 мамыр 2022, 18:43

Алматыда автобус жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

30 мамырда сағат 17:56 шамасында Сүйінбай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан автобус жүргізушісі 117-үйдің маңында шығыс бағытта жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

 

Алматы қалалық тергеу басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов:

 

– Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.