Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда бетон араластыратын жүк көлігі "Subaru Legacy"-ді аударып тастады

02 қазан 2022, 14:03

Алматыда Наурызбай ауданындағы жаяу жүргіншілер жолағында жол апаты орын алып, бір отбасының төрт мүшесі ауруханаға түсті, бір бала туыстарына тапсырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол сақшыларының мәліметінше, Subaru Legacy жүргізушісі Алатау көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Көлік ішінде жүргізушінің әйелі және 2006, 2008 және 2014 жылғы үш баласы болған. Subaru-дың артында HOWO бетон араластыратын жүк көлігі келе жатады.

 

Райымбек даңғылына жетпей, Subaru жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағы алдына тоқтап, адамдарды өткізеді. Ал оның артында келе жатқан жүк көлігі тежегішті басқанымен, діттеген жерде тоқтап үлгермей Subaru-ды іліп, төңкеріп тастады.

 

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер ер адам мен әйелді, сондай-ақ 2006 және 2008 жылы туған екі баланы ауруханаға жатқызды. Зардап шеккен 2014 жылғы бала туыстарына тапсырылды.