Алматыда екі көлік соқтығысты, зардап шеккендер бар (фото, видео)

31 мамыр 2021, 13:08

Алматыда екі жеңіл көлік соқтығысты, кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жол-көлік апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

 

Қалалық полиция департамантінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 30 мамыр кешкі сағат 19:40 шамасында болған.

 

«Daimler Benz» көлігін басқарған белгісіз жүргізуші Бейсенов көшесімен Бутаковка шағынауданына солтүстік бағытта келе жатып, Керей-Жәнібек хандар көшесінде қарсы жолаққа шығып кетті. Сөйтіп оңтүстік бағытта келе жатқан «Toyota RAV4» көлігімен соқтығысты.

 

Салдарынан «Toyota RAV4» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 

«Жол апатына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», - дейді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.