Алматыда ер адамның көлік астына секірген сәті видеоға түсіп қалған

31 қаңтар 2022, 12:55

Жолдан жүгіріп өтпек болған жүргіншіні жеңіл көліктің қағып кеткен бейнежазбасы көшедегі камераға түсіп қалған. Жол-көлік оқиғасы таңғы 10:35 шамасында болған, деп хабарлайды Экспресс К қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Алматы-Қазталов көшелерінің қиылысында "Фольцваген Пассат" автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі 1992 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бейнежазбада көрсетілгендей, жол оқиғасына жүргіншінің өзі себепкер болған, — деп жазады қалалық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Дене жарақатын алған жүргіншіге қатысты ӘК 615-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.