Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: ер адамды екі көлік басып өтті

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Алматы полициясы жол бойында жатқан жаяу жүргіншіні басып өтіп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен екі жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Еске салайық, қайғылы оқиға 12 маусымға қараған түні болды.

 

Бақылау камераларының көмегімен қайтыс болған ер адам жолда кетіп бара жатып сүрініп құлап кетіп, асфальтта қозғалмай жатқаны анықталды. Осы кезде жоғары жылдамдықпен келе жатқан шетелдік көліктің жүргізушісі тоқтап үлгермей, ер адамды басып кетеді. Осылайша ол тоқтамастан оқиға орнынан кетіп қалған. Екінші көліктің жүргізушісі де дәл солай жасады.

 

Кейін белгілі болғандай, жүргізушілердің бірі Шаңырақ-1 шағын ауданындағы Есентай көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында көлігін жасырған.

 

 

Екінші көліктің жүргізушісі жол апаты болған Алатау ауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері болып шықты.

 

 

Автокөлік эвакуатордың көмегімен техникалық қызмет көрсету станциясынан шығарылды.

 

Қазір екі көлік те уақытша сақтайтын тұрақта, ал олардың иелері полицияға түсініктеме алу үшін жеткізілді.

 

Қазіргі уақытта полиция ұсталғандардың іс-әрекетін қалай квалификациялау керектігін шешуде.

 

 

 




Көрілген: 1628    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 21:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31