Алматыда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

23 қаңтар 2023, 14:24

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол апаты көлік камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде үш көліктің соқтығысқан сәті түсірілген видео тарады.

 

Кадрларға қарағанда, камера орнатылған, болжам бойынша, жол талғамайтын көлік жүргізушісі, сол жақ жолақпен келе жатқан. Кенет оның алдына қарсы жолақтан жеңіл көлік атып шығады, ол алдымен алдында келе жатқан басқа жеңіл көлікті соғып, содан кейін жол талғамайтын көлікке соғылады.

 

 

Еске салайық, бұған дейін жол апатынан Chevrolet көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 19 жастағы екі жолаушысы қаза тапқаны хабарланған болатын.