Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда жол апаты салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

24 қыркүйек 2022, 21:32

Ер адам жедел жәрдем көлігі келіп жеткенше көз жұмды. Полицейлер жантүршігерлік жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жол апаты Халиуллин мен Набережная көшелерінің қиылысында орын алды.

 

Honda және Yamaha мотоцикліндегілер Халиуллин көшесі бойымен бір-біріне қарсы бағытта жүріп келе жатқан.

 

Сурет: Zakon.kz

 

Yamaha мотоциклінің жүргізушісінің айтуынша, Honda-дағы ер адам күтпеген жерден қарсы жолаққа шығып кеткен, содан кейін ол бір бүйіріне қисая құлаған. Мотоциклмен қоса Honda жүргізушісі де жолға ұшып түскен.

 

Сурет: Zakon.kz

 

Апат салдарынан Honda-дағы ер адам дәрігерлер келгенше оқиға орнында мерт болды.

 

Полицейлер ер адамның өлімінің себебін анықтап жатыр: жол апаты кезінде тас жолға ұшып түсіп, жазатайым оқиға орын алды ма, әлде Yamaha жүргізушісінің соқтығысуынан болды ма деген тұрғыда.