Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында автокран мен автобус соқтығысты. Нәтижесінде бес жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Жол апаты болған орыннан түсірілген видео желіде таралды.
Қалалық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жол апаты 16 маусым кешкі сағат 17.00 шамасында болған. Кamatsu LW 250-5 маркалы автокран Golden Dragon маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан.
«Апат салдарынан автобустың 5 жолаушысы зардап шегіп, медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.