Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Алматыда жүк көлігінің кабинасы жұлынып кетті (видео)

  • Оқиға орны. Фото: instagram.com/taldykorganec.7282

    Оқиға орны. Фото: instagram.com/taldykorganec.7282

Алматы облысы Құлжа тас жолында екі жүк көлігі соқтығысты. Болжам бойынша 31 астағы ер адам рөлде ұйықтап қалып, қайтыс болған. Жол апатына қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралуда.

 

Кадрларда екі жүк көлігі көрсетілген. Соқтығысу салдарынан жүргізушінің кабинасы жұлынып кеткен.

 

Жол-көлік оқиғасының Талғар ауданындағы қызылту ауылының маңында болғаны хабарланды.

 

"Қызылтуда рөлде отырып, ұйықтап кеткен. Құлжа тас жолы", - делінген жазбада.

 

Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының екі жүк көлігінің қатысуымен болғанын растады.

 

Сонымен бірге, Талғар аудандық ауруханасына жеткізу кезінде жүргізушілердің бірінің көз жұмғаны анықталды.

 

"Жол апаты Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 19 шақырымында, Қызылту ауылына бұрыла берісте болды. Жүргізушілердің бірі арақашықтық сақтамай, бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісінде тұрған жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Жол-көлік оқиғасынан Алматының 31 жастағы тұрғыны зардап шекті. Оны ауыр жарақаттармен Талғар ауруханасына жеткізіп, сол жерде көз жұмды", - деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ ведомство қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

 

Факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалған.

 

 

 




Көрілген: 1492    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 08:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31