Алматыда жол апатынан екі жүкті әйел мен бала зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда жүк көлігі бірінен кейін бірі бірнеше көлікпен соқтығысты.
КамАЗ көлігі Toyota Camry 70, қызыл мен ақ түсті екі Hyundai Elantra-ға соғылған.
Рысқұлов даңғылындағы жол апаты. © Sputnik / Стрингер
Куәгерлер КамАЗ жүргізушісі оқиға орнынан тайып тұрмақ болғанын, алайда басқа жүргізушілер оны тежегенін айтты.
Рысқұлов даңғылындағы жол апаты. © Sputnik / Стрингер
Сол кезде жүк көлігінен 3-4 адам сыртқа шығып, жан-жаққа қаша жөнелген. Полиция келгенге дейін олардың бірі қолға түсті.
Рысқұлов даңғылындағы жол апаты. © Sputnik / Стрингер
Жол апатынан екі жүкті әйел мен бала зардап шеккені белгілі болды.