Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда көлік дәмхана алаңына кіріп кетті – бір адам зардап шекті

27 мамыр 2022, 15:49

Алматыда рөлге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Белгілі болғандай, оқиға 24 мамыр күні сағат 19:47-де болған. «Тойота Камри» көлігін тізгіндеген   жүргізуші Төле би көшесімен келе жатып Әуезов көшесіне бұрылмақ болады. Сол сәтте Төле-би көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. Ол көліктің жүргізушісі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен.

«Жол-көлік апаты салдарынан «Тойота» автокөлігі қатты екпінмен Төле би көшесімен шығыс бағытта жүрген қалпы рөлді басқара алмай, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимараттың жазғы алаңына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегіп бір әйел Алматыдағы ауруханалардан біріне жеткізілді», - деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.
Ведомства өкілдері, аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты. Оның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.