Алматыда мопед және электросамокаттардың жол-көлік оқиғаларына түсу фактілері көбейді.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті. Сондай-ақ самокат тізгіндеген 1 адам қаза болды. Оқиға 10 маусым күні Марков көшесінде болған.
«Жолда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды», - деп атап өтті ведомстводан.
Бұған дейін Алматыда Терренкур аумағында электросамокат қозғалысына тыйым салынғаны туралы жазған болатынбыз.