Алматы маңындағы теміржолдың бойында Audi-100 автокөлігі толығымен жанып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Өртенген көліктің видеосын Newscorr қоданушысы Экспресс К редакциясына жолдады.
Қайғылы оқиға түнде болған.
Куәгерлердің айтуынша, Audi-100 көлігі темір жолды кесіп өтпек болған кезде пойызбен соқтығысқан. Соққының салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, отқа оранады.
Бейнежазба авторының айтуынша, көлік ішінен адамның мәйіті табылған, бірақ кадрда анық көрінбейді.