Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда Toyota Camry жолайрықтағы көпірден түсіп кетті

20 желтоқсан 2022, 14:30

Алматыда Toyota Camry биік көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнде Рысқұлов даңғылы бойындағы Күдерин көшесімен қиылыстағы жолайрықта болған.

 

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:50-де болған. Toyota Camry көлігін 20 жастағы жасөспірім тізгіндеген.

 

 

"Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші, Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта, Кудерин көшесінің қиылысында, рөлді басқара алмай, жол өтпесінің батыс жағынан металл қоршау - кедергіге соғылып, одан әрі көпірден аударылып кеткен", - деді Алматы полициясы өкілдері.

 

Оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алып, қаладағы ауруханаға жеткізілді.

 

"Сонымен қатар, оның екі жолаушысы 1999 жылы туған азамат Г. мен 2003 жылы туған азамат К. медициналық көмекке жүгініп, олар да медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл деректі Алатау ауданының полиция қызметкерлері өндіріске алды", - деп қосты Алматы полициясы өкілдері.