«Алтын орда» базарының жанында егде әйелді көлік қағып өлтірді

08 қазан 2021, 18:28

Алматы қаласына кіреберістегі үлкен тасжолды егде жастағы әйел рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан неміс көлігі оны қағып кетті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Жүргізуші мен куәгерлердің айтуынша, әйел тасжолдың бойына кенеттен жүгіріп шыққан, деп мәлімдейді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

 

Volkswagen Passat жүргізушісі тежегішті басқанымен, жолға жүгіріп шыққан әйелді қағып өткен. Жедел жәрдем көлігі келгенше, 77 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды.

 

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

 

Қазір Алматы облыстық ПД мамандары осы жол-көлік оқиғасына қатысты іс қозғап, кінәлі тарапты анықтауға кірісті.