Астанада автобус жүргізіп келе жатқан жүргізушінің жүрегі тоқтап қалды

27 шілде 2023, 18:21

Астанада автобус жүргізушісі жүрегі тоқтап қаза болды. Бұл ақпаратты CTS көлік компаниясы да растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды.

 

 

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі оқиғаның 27 шілдеде сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болғанын хабарлады.

 

"Маршрут бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан жол шетіндегі қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды.

Өлімнің негізгі себебі - жүректің тоқтап қалуы. Автобус жүргізушісінің 15 жылдық тәжірибесі болған. Жүргізуші демалыстан кейін жұмысқа шыққанына екі күн. Жұмыс алдында сағат 05:54 те медициналық тексеруден өткен", - деді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

 

"Біз отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деді CTS көлік компаниясы.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz