Атырау-Индер тас жолында Toyota Camry КаМАЗ жүк көлігімен соқтығысты

19 шілде 2023, 09:20

18 шілде сағат 15:30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 123 шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Toyota көлігінде болған 3 жолаушы оқиға орнында қайтыс болды, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған 3 жолаушы анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары - БҚО тұрғындары.

 

Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Полиция кез келген жағдайда жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы жауын-шашын болған жағдайда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz