Атырау облысында екі көлік соқтығысты – жолаушы тірідей жанып кетті

15 шілде 2021, 19:13

14 шілдеде күндіз Атырау-Астрахан трассасында 1996 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum және 1957 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы Toyota Highlander көліктері соқтығысты деп хабарлайды azh.kz.

 

Нәтижесінде жолаушы әйел қаза болды - ол өртеніп жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті.

 

 

 

 

 

 

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

 

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы  (Адам өліміне әкелген жүргізушінің жол жүру ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.