Атырау облысындағы жантүршігерлік жол апаты

30 қыркүйек 2022, 16:02

Атырау облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында республикалық маңызы бар Актөбе - Атырау - Астрахань тас жолында Ford Transit автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарсы бағыттағы Урал және Лада автокөліктерімен соқтығысқан.

 

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Ford Transit көлігінің 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

 

5 адам әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.