Атырауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

25 шілде 2022, 11:04

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолында жол апатынан үш адам мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

 

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында тіркелген.

 

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 19-шақырымында Toyota Land Cruiser Prado және "ВАЗ" көліктері соқтығысқан.

 

"ВАЗ" көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүрізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаментінен.