Атырауда жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кетті

26 ақпан 2022, 16:22

Қайғылы жағдай 25 ақпан күні сағат 22:00 шамасында Дүтбаева көшесінде болды. Бұл туралы Атырау облыстық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

28 жастағы "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінде кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарқат салдарынан 59 жастағы жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды, — делінген хабарламада.