Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Автобус адамдар отырған көлікті бел ортасынан соқты (видео)

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ақсу қаласында ақау шыққан жолаушылар автобусы адамдар отырған көлікті бел ортасынан соғып, бірнеше метрге сырғытты. Оқиға куәгерлері артқа қарай жүрген автобусты видеоға түсіріп алған.

Павлодар облысының полициясы оқиғаның 22 ақпанда сағат 19.21-де "Астана" сауда үйі аумағында болғанын мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, көлік тізгінінде 59 жастағы азамат болған. Hyundai маркалы автобустың беріліс қорабы түсініксіз жағдайда кептеліске түсіп, артқа қарай қозғалып кеткен.

Автобус жүріп кетіп артында тұрған Kio Rio автокөлігін бел ортасынан итере бастаған. Автобустың ішінде 3 адам, ал жеңіл көлікте 2 адам болған.

Абырой болғанда, жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Автобус қаладағы ЖШС-нің біріне тиесілі және №4 маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайтыны анықталды.

Аталған факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (көлік жүргізушісінің жол жүрісі қағидаларын адамның денсаулығына зиян келтіруге, көлік немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген бұзушылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша кінәлі адам 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде айыппұл төлейді немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28