Автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

01 мамыр 2023, 10:15

Мексикада жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 18 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тағы 33 жолаушы жарақат алды. Олардың 11-і – бала.

 

Оқиға Наярит штатындағы Компостела мекеніне жақын жерде болды.

 

Тау ішінде келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 15 метрлік құздан құлап түсті.

 

Апаттың себептері анықталып жатыр.