Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа қарағанда, блогер мінген Mercedes Gelаndеwagen-ге Tesla автокөлігі соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Айжанның жанында інісі отырған. Олар көлікте келе жатып, жүрегі сыр берген Tesla электрокөлігінің жүргізушісіне көмектеспекші болған. Сол сәтте ауырып, жаны қиналып отырған адам байқамай газды басып жіберген. Салдарынан Байзақованың көлігінің есігін қиратқан.
Оқиға орнынан видео түсірген блогер апаттың неден, қалай болғанын баяндайды.