Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты

19 тамыз 2023, 10:41

Балқаш - Приозерск тас жолында Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.

 

 

- Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz