Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы Ақбұлақ және Ақсуат ауылдарының орта тұсында болды.

 

Оқиға орнына трассалық-медициналық құтқару бекеті және Ілбішін дәрігерлік амбулаториясының бригадасы барды.

 

Алдын ала мәліметке қарағанда, бес адам зардап шекті. Бір адам көз жұмса, екіншісінің жағдайы ауыр.

 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

 

Белгілі болғаны, көліктердің бірі «DAF» маркілі жүк көлігі болса, екіншісі «Тойота Альфард».

 

 

 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 00:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28